Ағымдағы жылдың 2 қараша күні Меңдіқара ауданында ZOOM платформасы арқылы «Кәмелетке толмағандармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ерекше түрі ретінде құқық бұзушылықтың алдын алу» атты семинар өтті. Семинарға тәрбие жөніндегі директорлардың орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар қатысты.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Жангелдин жалпы білім беретін мектебі» КММ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу бойынша өз тәжірибесін көрсетіп, семинарға қатысушылармен озық тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар барлық қатысушылардың оң бағасын алды.



