2023 жылғы 16 ақпаннан бастап 19 ақпанға дейін Астана қаласында Beeline Arena СК ASIA OPEN 2023 ж. грепплинг бойынша халықаралық турнир өтті. Әлемнің 7 елінен 1200 астам қатысушы бар. MENDIQARA TEAM командасынан ҚОӘББ «Меңдіқара ауданының білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы Евгений Алексеевич Атрощенко қатысты және 76 кг салмақ дәрежесінде (16-17 жас) 3 орынды иеленіп жүлдегер атанды. Жаттықтырушы Мереке Жақсылықұлы Смағұловқа спорт шеберлерін (СШ), халықаралық кластағы спорт шеберлерін (ХКСШ), спорт шеберлеріне кандидаттарды (СШК) тәрбиелегені және тәрбиелеп келе жатқаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіргіміз келеді.



