21 Ақп 2023
Жаңалықтар

2023 жылғы 16 ақпаннан бастап 19 ақпанға дейін Астана қаласында Beeline Arena СК ASIA OPEN 2023 ж. грепплинг бойынша халықаралық турнир өтті

2023 жылғы 16 ақпаннан бастап 19 ақпанға дейін Астана қаласында Beeline Arena СК ASIA OPEN 2023 ж. грепплинг бойынша халықаралық турнир өтті. Әлемнің 7 елінен 1200 астам қатысушы бар. MENDIQARA TEAM командасынан ҚОӘББ «Меңдіқара ауданының білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ оқушысы Евгений Алексеевич Атрощенко қатысты және 76 кг салмақ дәрежесінде (16-17 жас) 3 орынды иеленіп жүлдегер атанды. Жаттықтырушы Мереке Жақсылықұлы Смағұловқа спорт шеберлерін (СШ), халықаралық кластағы спорт шеберлерін (ХКСШ), спорт шеберлеріне кандидаттарды (СШК) тәрбиелегені және тәрбиелеп келе жатқаны үшін шексіз ризашылығымызды білдіргіміз келеді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар