2022 жылғы 19 қазанда «Qabilet» қызметінің қызметкерлері Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы және Жұмабаева Динара Амандыққызы Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясында Меңдіқара ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына арналған "Qabilet" қызметінің платформасымен және диагностика әдістемелерімен жұмысты түсіндіру бойынша семинар өтті.
19 педагог-психологтары «Qabilet» қызметінің 7-11 жастағы балалардың қабілеттеріне диагностика жүргізудің техникалық ұсыныстарымен танысты, тестілеуде ұсынылған авторлық әдістемелерді зерделеді.
Сыни ойлауды, зейінді, есте сақтауды және коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында А. Шотаев атындағы Боровской мектеп гимназиясында «Qabilet» диагностикасының I кезеңінен өткен 10-11 жастағы 15 оқушыға дамытушылық психологиялық сабақ өткізілді.
Сабақ мнемотехникаға негізделген, қабылдауды кеңейтетін, семантикалық есте сақтау мен зейінді дамытатын сыни ойлауды дамытуға бағытталған әдістермен қаныққан.
Ғ.Жұмабаев атындағы Боровкой мектеп-гимназиясы, А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы және Первомай ЖББМ 32 білім алушы үшін бірінші кезең диагностикасын жүргізілді. Диагностика нәтижелерін, ата-аналар білім алушылардың жеке кабинетіндегі платформадан көре алады.
Семинардың сонында педагог-психологтарға сертификаттар табысталды.
Диагностиканы платформада онлайн режимінде алуға болады https://qabilet.elbasyacademy.kz/
https://mroo.edugov.kz/kz/janaliktar-basti-mendykarin/10785-23rthre435.html#sigFreeId8995a13837



