2022 жылғы 28 қыркүйекте Меңдіқара ауданының мектептерінде кәмелетке толмағандар арасында отбасылық тәрбие және аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу жөніндегі 5-11 сынып оқушыларының ата-аналары үшін «Жасөспірім және ата-аналар. Контактіні қалай жоғалтпауға болады?», бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: ата – аналарды жасөспірімдер ортасында суицид проблемасымен таныстыру, ата-аналарға профилактикалық көмек көрсету.
Ата-аналар жиналысында практикалық материалдар мен бейнемазмұн ұсынылды. Ата – аналар жиналысы өткізілгеннен кейін ата – аналарға отбасылық тәрбие, суицидтік мінез- құлықтың алдын алу және кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілік аспектілері бойынша ұсынымдар бар буклеттер мен жадынамалар таратылды.
https://mroo.edugov.kz/kz/janaliktar-basti-mendykarin/10738-2022-28-kyrkuiek.html#sigFreeId3d50d405a2



