Ағымдағы жылдың 5 науырызында Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясының оқушылары: Дюсенова Зейнеп, Карабекова Мерей, Турсынова Аруна, Тулебаева Мейрамгуль «Елбасы медалінің» қола жүлдегерлері марапатталды. «Елбасы медалі» - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйретеді.




