26 Шілде 2023
Хабарландыру

«Мектепке жол» Республикалық акциясы  

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларының толық қатысуын қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Акцияның ұраны: Жақсылықты жаса.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы 2023 жылдың 1 тамызынан, аяқталуы - 2023 жылдың 30 қыркүйегінде.

Ауданымыздың барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылу және өмірлік қиын жағдайда отбасылар мен балаларға көмек көрсетуге өз үлесін қосу ұсынысымен жүгінеді. «Мектепке жол» науқаны бойынша жедел телефоны 8-71443-2-18-81, Меңдіқара ауданының білім бөлімінің сенім телефоны 8-714433-29-26.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар