2023 жылдың 16 мамыр күні Білім басқармасының жұмыс жоспары негізінде Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Соснов жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді тәсілдері» атты теориялық-практикалық семинары өтті.
Семинарда Білім басқармасының өкілдері, аудан әкімшілігінің өкілдері, аудандық полиция бөлімдерінің өкілдері, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, кәсіптік-техникалық колледжерінің тәрбие-ісі жөніндегі директорлардың орынбасарлары, мектеп директорлары қатысты.



