Мейлі, театрда тек бетперделер ғана делік... Алайда олар қандай жанды, қалай жан толқытады және қандай таңғажайып! Театр-бұл біз ақыл-оймен бойлап кететін және ешқашан ұмытпайтын айрықша әлем! Мен Бүкіләлемдік театр күні оның сахнасында осы іске қиялы мен күшін арнап жүрген жандарға ең игі тілектерімді жеткіземін!
Балалар көркемөнерпаздар шығармашылығын дамыту және өскелең ұрпақтың көркем білімдегі, эстетикалық, адамгершілік тәрбиелеудегі рөлін күшейту мақсатында 2023 жылғы 20-21 сәуір күндері Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы және Ахметқазы Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы негізінде Бүкіләлемдік театр күніне арналған «Мектеп сахнасындағы классика шедеврлері» театралдық ұжымдардың аудандық фестиваль-конкурсы өткізіліп, оған 16 білім ұйымынан 16 оқушыдан астам білім алушы қатысты.
Конкурстың қазылар алқасы конкурсты сынталаптармен бағалады: туынды тақырыбын ашу толықтығы мен мәнерлілігі, орындалатын туындының күрделілігі, режиссёр ниетінің даралығы, актёрлік және орындаушылық шеберлік (орындаушылардың эмоционалдылығы мен мәнерлілігі, рөлді орындау техникасы), қорытындысында жүлделі орындар белгіленді:
Мемлекеттік тілде оқытатын мектептер арасында:
1 орын – Степанов жалпы білім беретін мектебі (Спандияр Көбеев «Қалың мал»);
2 орын – Көктерек негізгі орта мектебі (Шыңғыс Айтматов «Найман Ана»);
3 орын – Ғ. Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы (Әбіш Кекілбаев «Әке»);
Орыс тілінде оқытатын мектептер арасында:
1 орын – Ломоносов жалпы білім беретін мектебі (Бердібек Соқпақбаев «Қожа и его команда»);
2 орын – А. Шотаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы (Марк Твен «Приключения Тома Сойера и Гекльберри Финна»);
2 орын –Первомай жалпы білім беретін мектебі (Дулат Исабеков «Старшая сестра);
3 орын – Балалар мен жастар шығармашылығы үйі» (Бауыржан Момышұлы «Наша Семья»);
3 орын –Каменскорал жалпы білім беретін мектебі – (Мұқағали Мақатаев «Прости меня, мама»).
Мен сіздерді театр Күнімен құттықтағым келеді! Сіздерді үнемі қалықтай ұшқан шығармашылық пен сұлуллық рухы төңіректеп жүрсін! Сіздерге көптеген жаңа қойылымдар, шалқар шабыт пен мұзарт музаның үнемі бірге болуын тілеймін. Шығармашылық биіктіктер, қызықты қойылымдар және жарқын қошаметтерге бөленулеріңізді тілеймін!!!



