27 Тамыз 2021
Жаңалықтар

Конкурс

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім  бөлімі» ММ Боровское а. Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының бос лауазымын иеленуге конкурс жариялайды.

  1. Біліктілік талаптары: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан

кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; педагогикалық жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, бұл ретте соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, орта білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы өтілі бір жылдан кем емес; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру жүйесін қоспағанда).

  1. Орта білім мекемесі басшысының лаузымдық міндеттері: Оның Жарғысына және басқа да құқықтық-нормативтік құжаттарға сәйкес білім ұйымы қызметіне басшылық етеді. Оқыту тәрбиелеу үдерісінің ғылыми әдістемелік және материалдық-техникалық базасын жетілдіреді және ұйымдастырады. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету және олдардың тамақтануын қамтамасыз ету жөніндегі бақылауды және олардың денсаулығын нығайту, қорғау мақсатында ұйымдастырады. Заңнамамен белгіленген мөлшерде білім ұйымы құралдарымен және мүліктерімен білім ұйымының құралдарына және мүліктеріне ие болады, құрылтайшылардың материалдық құралдары мен қаржылық құралдарын шығындауы және оның түсуі туралы жыл сайынғы есепті ұсынады.
  2. Лауазымдық айлықақы мөлшері: еңбек өтіліне байланысты 136178 теңгеден бастап 165113 теңгеге дейін.
  3. Конкурсты жүргізу орны және күні: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ 2021 жылғы 08 қыркүйек.
  4. Конкурсқа қатысуға өтінім қабылдау орны және өтінім беру мерзімі: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ағымында.
  5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1)нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО жеке үлгісіндегі құжат);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадрларды есепке алу жеке парағы және фото;

6) қолданыстағы жазалаулары мен көтермелеулерін көрсете отырып, алдыңғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;

7) қолданыстағы біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) "Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқ екендігі туралы анықтама;

      10) сыбайлас жемқорлық сипатында қылмыс жасағаны туралы мәліметтің болуы не болмауы туралы анықтама;

      11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

      13) білім берудегі менеджмент бойынша жетпіс екі сағаттан кем емес біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

      14) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан кадр қызметі немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері мөрмен растайды.

  1. Ақпаратты анықтау үшін байланыс телефондары, электронды мекен-жайлар: 8-71443-2-11-94; Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар