Оқулықтарды таңдау бойынша ашықтық пен объективтілікті сақтау мақсатында Министрліктің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығына енгізілген норма 2024-2025 оқу жылынан бастап электронды форматта іске асырылады.
Енді, педагогтердің оқу процесін тиімді ұйымдастыруына қажетті және өз қызығушылықтарына қарай оқулықтарды электронды таңдау мүмкіндігі бар.
Осы мақсатты жүйелі жүзеге асыру үшін оқулықтарды таңдау бойынша ETANDAU.gov.kz электрондық платформасы әзірленді.
Қазіргі таңда платформа Астана қаласы мен Қостанай облысының 20 мектебінде пилоттан өткізілуде. Кейін пилот осы екі өңірдің барлық мектептерінде өтеді.
Пилоттан өткізу процесі аяқталған соң еліміздің барлық мектеп педагогтері қажетті оқулықтарды таңдайтын болады. Осы орайда, ETANDAU.gov.kz электрондық платформасында оқулықтарды таңдауды жүзеге асыру бойынша педагогтерге кезең-кезеңмен әдістемелік көмек көрсету жоспарланып отыр.



