Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша алғаш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың бірінші кезеңінің ашылу салтанаты Меңдіқара ауданы бойынша Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп гимназиясының қабырғасында өтті. Олимпиадаға ауданымыздың 15 мектебінен 118 оқушы қатысқалы отыр. Ашылу салтанатына аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлдана Айтмағанбетқызы Ахметова қатысып, олимпида қатысушыларына жылы лебізін білдіріп, сәттілік жолдады.



