Қостанай облысы білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ «Жылдың үздік психологы» республикалық байқауы аудандық кезеңін өткізу туралы хабарлайды.
Байқаудың мақсаты-дарынды, шығармашылықпен жұмыс істейтін психологтарды анықтау, кәсіби шеберліктің өсуіне ықпал ету, оларды қолдау және көтермелеу.
Мерзімі: 2023 жылғы 16-17 қарашаға дейін.
Байқауға қатысушылар: аудан мектептерінің педагог-психологтары және балабақша психологтары келесі санаттарда:
1 санат - 3 жылдан 5 жылға дейінгі еңбек өтілі бар психологтар;
2 санат - 5 жылдан 7 жылға дейінгі еңбек өтілі бар психологтар;
3 санат - 7 және одан да көп жыл еңбек өтілі бар психологтар.
Байқауда номинациялар қарастырылған:
«Жас психолог»;
«Мәртебелі психолог»;
«Өз саласының кәсіби маманы».




