Бүгін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ базасында ауыл балаларына арналған Қазақстандық кәсіпкерлердің білім беру жобасының аясында IQanat олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Аудандық кезеңге 101 8-сынып оқушылары қатысты.



