Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданының білім бөлімі» ММ 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес оқушылардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, заңды мінез - құлыққа жеке-саналы ұмтылысты ояту, оқу-тәрбие процесі кезінде жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастыру мақсатында ағымдағы жылдың 6 қарашасы мен 6 желтоқсаны аралығында кәмелетке толмағандар арасында азаматтық құқықтық сана мен құқық бұзушылықтың алдын алу облыстық айлығы өткізіледі.
Айлық аясында мынадай профилактикалық іс-шараларды жүргізу ұсынылады:
Алдын алу күндері: оқушылар мен ата-аналар арасында ҚР заңнамасын, кәмелетке толмағандардың негізгі құқықтары мен міндеттерін, ата-аналардың бала тәрбиесіне жауапкершілігін түсіндіру бойынша әңгімелер, дәрістер өткізу; құқықтық тақырып бойынша конкурстар викториналар, пікірталас турнирлері, тренингтер; психологиялық-педагогикалық қолдауды қажет ететін отбасыларға оқушылармен және ата-аналармен жеке консультациялар мен әңгімелер өткізу арқылы бару; қолайсыз отбасылар бойынша жастар жиналатын қоғамдық орындарына рейдтік іс-шаралар; қараусыздықтың, кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты қылмыстардың, балаларға қатыгездіктің, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар дәрістері; балалар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың, балалардың алкогольді, энергетикалық сусындарды, вейптерді және электрондық темекілерді тұтынуының алдын алу жөніндегі Бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы; тақырыптық брошюралар, буклеттер, жадынамалар, ақпараттық парақшалар (электрондық темекі, вап, алкоголь, темекі өнімдерін, есірткі және психотроптық заттарды, құмар және компьютерлік ойындарды және т. б. пайдаланудың алдын алу бойынша) әзірлеу және тарату;



