22 Қаз 2022
Жаңалықтар

ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖАС КӨМЕКШІЛЕРІ

2022 жылғы 17 қазанда полицияның жас көмекшілері байқауының нәтижелері шығарылды.

Конкурстың мақсаты мен міндеттері – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу; құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі жұмысты жетілдіру және жандандыру; оқушылардың құқықтың білім сапасын арттыру; құқықтық мәдениетті насихаттау бойынша полицияның жас көмекшілер жасақтарының озық тәжірибесін жинақтау.

Қазылар алқасының назарына 12 жұмыс ұсынылды: Буденный ЖББМ, Архипов ЖББМ, Михайлов ЖББМ,  Ғ. Жұмабаев атындағы БМГ, Первомай ЖББМ, Каменскорал ЖББМ, Ломоносов ЖББМ,  Краснопреснен ЖББМ,  Қаратал ЖББМ, Степанов ЖББМ, А. Шотаев атындағы БМГ, Жангелдин ЖББМ.

Меңдіқара ауданының 2022 жылғы Полицияның жас көмекшілері мектеп жасақтарының аудандық сырттай  байқауынның жеңімпаздары:

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы

білім бөлімінің Первомай жалпы білім беретін мектебі» КММ «Полицияның жас көмекшілері үздік үгіт бригадасы» номинациясы бойынша; Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Буденный жалпы  білім беретін мектебі» КММ «Полицияның жас көмекшілері жасағының атқарған жұмысы туралы есеп» номинациясы бойынша; Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Михайлов жалпы  білім беретін мектебі» КММ «Мейірімділік біріктіреді» челлендждер номинациясы;

«Жас полиция көмекшілері» аудандық кезеңнің жеңімпаздары байқауының облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары мадақтамалар мен сертификаттар берілді.

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар